Bugin
Украина президенті В.Зеленский жаңа әскери бөлімшенің құрылатынын мәлімдеді. Атап айтқанда, Украина жерін жаудан қорғағысы келген шетел азаматтары мен өзге ұлт өкілдері интерационалдар лигасына келіп қосыла алады.
Бұл жайлы Украина президентінің ресми сайтына сілтеме жасап Интерфакс-Украина жазды.
"Ресей оккупанттарына қарсы күресіп, Украинада бейбітшілік орнатқысы келген шетелдік азаматтар біздің мемлекетке келіп, Аумақтық қорғаныс күштері қатарына қосылуға мүмкіндік беріліп отыр. Шетелдік азаматтардан бөлек әскери бөлімше құрылады. Атауы – Украина аумақтық қорғаныс күшінің Интернационал легионы", - дейді Зеленский.
Президенттің айтуынша, украин халқының өз жерін қорғауға күші де, рухы да жетеді.
"Алайда Ресейдің Украинаға қарсы соғыс ашуы Еуропаға соғыс ашуымен бірдей. Еуропа азаматтарының құқығын таптаумен бірдей", - дейді Зеленский.
Интернационалдар легионына қосылғысы келген шетел азаматтары Украина елшілігіне келіп білсе болады.
Айта кетейік, кеше Ичкерия Шешен Республикасының шетелдегі үкімет басшысы Ахмет Закаев Украина президені Зеленскийге әскери серіктестік құрып, Еуропадағы шешен азаматтарын әскери операцияға жұмылдыруды ұсынған. Оның айтуынша, Еуропада қазір 300 мың шешен азаматы тұрып жатыр. Солар қазір өз еркімен Украинаны қорғауға аттануға әзір, ниеттес отыр.