Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінде хабарланғандай, Қазақстан мен Түркия елдері арасындағы әскери ынтымақтастықтың болашағы талқыланған.
Қорғаныс министрлігінде Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов Қазақстан Республикасындағы Түрік Республикасының Әскери атташесі полковник Фатих Паламен кездесті, – делінген хабарламада.
Кездесу барысында Қазақстан мен Түркия қорғаныс ведомстволары 2022 жылға арналған Әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды.