Елшілік Украинадағы қазақстандықтарға тағы үндеу жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның Украинадағы елшілігі азаматтарға үндеу тастады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«2022 жылғы 28 ақпанда сағат 09.30-да Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінен қазақстандық азаматтарды эвакуациялау үшін автобусты Львов қаласына жөнелту жоспарлануда. Автобустың сыйымдылығы 50 орынды құрайды», - делінген хабарламада.

Елшілік мекенжайы: Ю.Ильенко, 26, байланыс телефондары: +38 (044) 483-15-96, +38 (067) 347-04-08 (ұялы).

Елшілік әлеуметтік желілердегі және Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің жедел мессенджерлеріндегі өзекті ақпаратты қадағалап отыруды сұрады:

Instagram - kazenbukr

Facebook - KazEmbassyUkr

Telegram - t.me/KZembassyUKR

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандықтар мінген алғашқы автобус Польшамен шекарадан өткені хабарланған болатын. ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, эвакуацияға көмектесу туралы өтінішпен 500-ден астам өтініш түскен.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61