Әлем

Зеленский: Украина үшін алдағы 24 сағат шешуші болмақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина президенті Владимир Зеленский Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонмен телефон арқылы сөйлескен кезде алдағы 24 сағаттың Украина үшін өте маңызды болатынын айтты.

Джонсон Зеленскийге Ұлыбритания мен одақтастарынан қорғаныс көмегінің Украинаға жетуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынына сендірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Report агенттігіне сілтеме жасап.

Джонсон сонымен қатар елінің Украинаға қосымша 40 миллион фунт стерлинг аударатынын, бұл украиндықтар үшін медициналық құрал-жабдықтарға екенін айтты.

Лидерлер тығыз байланыстарды сақтауға келісті, премьер-министр Ұлыбританияның Украинаның егемендігін қолдайтынын айтып өтті.