Қарағандыда базардағы өрт салдарынан бірден үш дәмхана өртеніп кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қарағандыда базардағы өрт салдарынан бірден үш дәмхана өртеніп кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы eKaraganda.kz сайтына сілтеме жасап.

«Алтын-Арба» базарының аумағында жалпы алаңы 500 шаршы метрді құрайтын үш фастфуд дәмханасының ағаш қаптамалары, оқшаулағыштары, жиһаздары, жабдықтары және ас үй ыдыстары өртенді», - деп хабарлады ТЖД.

Өрт 28 ақпанға қараған түні сағат 01:00-де басталған.

«Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт Төтенше жағдайлар департаментінің көмектесуімен (52 қызметкер мен 15 техника) сағат 1:52-де ауыздықталды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - деп қосты өрт сөндірушілер.

Жалынның сауда бутиктеріне әсер етпегені атап өтілді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61