Bugin
Пентагон Ресей президенті Владимир Путиннің ядролық қару туралы қысымына жауап берді. Бұл туралы Bugin.kz порталы РБК-Украина басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Аты-жөнін атауды жөн санамаған Пентагон шенеунігінің айтуынша, АҚШ шенеуніктері Путиннің мұндай шешімдер қабылдайтынына еш күмәнданбайды.
- «Бізде бұл мәліметтердің растығына күмәндануға негіз жоқ», - деді ол.
Ол сондай-ақ, бұл Путиннің қажетсіз қадамы екенін атап өтті, өйткені Ресейге НАТО мен Украина ешқашан қауіп төндірмеген.
Оның пікірінше, мұның соңы үлкен қауіпке әкеліп соқтыруы мүмкін.
- «Біз өзімізді, одақтастарымызды және серіктестерімізді, соның ішінде стратегиялық тежеу саласында қорғау қабілетімізге сенімдіміз», - деді АҚШ Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі.
Еске сала кетейік, 27 ақпанда Путин Ресейдің ядролық тежеу күштерін жоғары дайындық режиміне қойған болатын.