Bugin

Қазақстан футбол федерациясына жаңа басшы тағайындалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) президенті болып Әділет Барменқұлов тағайындалды. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды. 

"Шахтер" директорлар кеңесінің төрағасы Әділет Барменқұлов жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша жеңіске жетті.

"Қазақстан футбол федерациясы" қауымдастығы" ЗТБ мүшелерінің, сондай-ақ ҚФФ Атқарушы комитеті мүшелері делегаттарында дауыс беру құқығы болған. Дауыс берушілердің жалпы саны - 26 адам.

Барменқұлов 14 дауыс жинап, Берік Қаниевті басып озды (11). Тағы бір дауысты Давид Лория алған.