Украина делегациясы Ресеймен келіссөздер өтетін жерге келді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина делегациясы Беларусиядағы Ресеймен келіссөздер өтетін жерге келді. Бұл туралы Bugin.kz порталы РИА Новости басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Украина делегациясының құрамында «Халық қызметшісі» фракциясының жетекшісі Давид Арахамия, қорғаныс министрі Алексей Резников, президент кеңсесінің кеңесшісі Михайло Подоляк бар. Келіссөздерге ресейлік делегацияны Ресей президенті Владимир Путиннің көмекшісі Владимир Мединский бастап барады.

Гомель облысында өтетін екі ел делегацияларының келіссөздері Беларусь-Украина шекарасында Припять өзенінің маңында өтеді. 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61