Bugin
Белоруссияға кездесуге жиналған Украина мен Ресей делегацияларының арасында келіссөз басталды. Бұл жайлы Белоруссия телевидениесі хабарлады.
Келіссөздің нақты қай жерде жүргізіліп жатқан белгісіз. Екі делегацияға да қауіпсіз болу үшін локацияны жарияламай отыр. Шамамен, Припять қаласы маңында өтіп жатқанға ұқсайды.
Қазір келіссөз тікелей эфирде өтуде. Қанша уақыт кететіні белгісіз.
"Келісуге қанша уақыт кетсе, сонша уақыт отырамыз", - деп мәлімдеген еді Ресей делегациясының басшысы Владимир Мединский.
Украина елшілігі логистиканың жоқтығынан біршама кешігіп жетсе керек.