Bugin
Қазақстанда бүгін теңгенің курсы біршама кешігіп белгілі болды. Сағат 15.00-ден кейін саудаға жіберілді.
Қазір теңгенің бағамы 500-ге дейін құлдырап кетті. Алматы қаласында доллар 503-504 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Қазақстан қор биржасындағы доллар бағамы орта есеппен 495 теңгеге тұр (18.00 уақытында). 25 ақпан күні 467 теңгеден сатылған еді.
Қазақстан Ұлттық банкі бүгін 98,1 млн долларға валюталық интервенция жасаған.
Рубль де құлдырады. Бір доллар 100 рубльден сатылуда.