Редактор бағаны

Жетімін жылатпаған ел едік...

"Балалы үй базар, баласыз үй мазар"

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әрбір адамның, әрбір отбасының бар бақыты бала. Бала – ол ең біріншіден алланың адамға берген сыйы,көз қуанышы,перзенті.Өміріңді баласыз елестету мүмкін емес.Тіпті елестетудің өзі қорқынышты секілді.Қазақта бір мақал бар емес пе?- «Балалы үй базар,баласыз үй мазар».Сол секілді үйіңде баланың күлгенін ,ойнап секіргенін есту өлшеуге келмейтін бақыт.

 Бала әрқашанда халықтың қазынасы болған.Ата-бабаларымыз ерте кезден-ақ балалардың тәрбиесіне аса мән берген.Ер баланы елдің тұтқасы,қара шаңырақтың иесі деп тәрбиелесе,қыз балаға нәзіктілік,инабаттылық сынды көркем қасиеттерді бойына сіңірген.Бала болашақ өмірді жалғастырушы ұрпақ..Қазіргі кезде осы балапандарымызды қорғауды ұмыт қалдырып бара жатқан секілдіміз. Сол себепті де осы балаларымыздың өмірі ластанып жатыр.Қазір өздерінің бауыр еті балаларын далаға тастап,өзіне керек қылмай жүрген  безбүйрек  ата-аналар саны қаншама.Мұндай қатыгез адамдардың елімізде көбейіп бара жатқаны әрине өкінішті.Бұл адамды қынжылтатын жағдай.Осындай тас жүрек адамдардың кесірінен балаларымыз жетімдер үйін паналап,ата-ана қамқорын көрмей өсіп келе жатыр.Олар күн сайын есікке сарылып,кіріп келген адамды мынау менің анам,анау менің әкем деп өздерінің күнделкті өмірін өткізіп жатыр. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазір елімізде шамамен 300 мың бала балалар үйіне түсудің алдында тұр екен.Шыны керек, баласынан бас тартатындар мен жағдайы жаман отбасылармен жұмыс істейтін, балалардың өз үйінде бақытты болуын қамтитын жүйе жоқ.Оның орнына мемлекет бұл мәселенің салдарымен ғана күресіп келеді.Алдымыздан мынадай деректер шығады: мемлекет балаларды балалар үйінде асыру үшін қыруар қаражат бөледі, бірақ соның өзі толық емес.Ал , көпбалалы, тағдыры қиын отбасыларға мүлдем көмектеспейді.

        •       Балалар үйінде бір баланы асырауға бюджеттен 180 000 теңге бөлінеді.

        •       Патронаттық қамқорлықтағы балаларға небәрі 30 000 – 40 000 теңге бөлінеді.

        •       Туған-туысқандарының қолына берілген балалар үшін 18 000 теңге бөлінеді.Шыны керек, 30-40 мың теңгені қазіргі заманда бір нәрсеге жеткізу тіпті де мүмкін емес.Баланың жөргегі, қосымша тағамы Құдай сақтасын ауырғанда алатын дәрі-дәрмегінің өзі пәленбай теңге тұрады.Оған қоса, үйіңнің жарығы,газы, адам болған соң өзіңе қажетті заттарың бар емес пе?Ал енді есептеңіз бұл ақша неге жетеді деп ойлайсыз? Мамандардың айтуынша, мәселеге деген мұндай мемлекеттік көзқарас – мәселенің мәнін түсінбеуден туындаған.Билік басындағылардың мұндай өзекті тақырыптың мәнін түсінбесе, онда қалған мәселелердің қалай шешілетініне күмәнім бар.Алаңдататын дерек 2014 жылдың маусым айындағы жағдайға сәйкес, Қазақстанда тіркелген жетім балалар:

        •       Балалар үйлерінде – 11 000

        •       Патронатта – 2000

        •       Туысқандарының қамқорлығында – 22 000.

Кей балалардың әке-шешесі тірі, бірақ қарайласа алмайды. Мысалы, түрмеде отыр. Ондай балалар асырап алуға берілмейді, тек уақытша қамқорлыққа беріледі, әрі оларды ешкім қаржыландырмайды. Мемлекет ондай балалар мен оның туысқандарына көмек бермейді. Сондықтан туысқандары үшін ондай баланы асырағаннан гөрі балалар үйіне тапсыра салған тиімдірек. Сарапшылардың пікірінше, мемлекет мұндай алдын алу жүйесімен айналыспайынша, қараусыз қалған балалар саны азаймайды.