Bugin

Украинада қала әкімі елге опасыздық жасады деген айыппен ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украинадағы Харьков қаласы маңындағы Южный қаласының мэрі Александр Брюханов ұсталды. Бұл жайлы Харьков облысы әкімшілігінің басшысы мәлімдеді, деп хабарлайды BBC.com-ның орыс қызметі.

"Южный қаласының әкімі Брюханов мырза, оның орынбасары және жергілікті полиция бөлімінің басшысы, учаскелік полиция қызметкері мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталды. Жеріміздің бір тілім ұлтарағын жау қолына бермейміз. Әскерилердің күдіктілерді ұстағаны жақсы болды. Мұндай опасыздық жасаған адамды мерт қылмай ұстағанымызға алғыс айтсын", - деп түсініктеме берген Харьков облысы әкімшілігінің басшысы Олег Синегубов.

Александр Брюханов қала әкімі болып 2021 жылы сайланған екен. Жасы – 65-те.

Одан бөлек, Харьков облыстық прокуратурасы тағы бір қаланың мэріне мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен қылмыстық іс қозғап жатыр. Купянск қаласының әкімі "қаланы Ресей әскерлері басып алды, қазір солардың бақылауында, олар бұл жерге бейбітшілік орнатуға келді" деген мәлімдеме жасаған.