Bugin
РФ президенті Владимир Путин 2013 жылы тхэквондодан алған қара белдігінен айырылды. Бұл жайлы Халықаралық тхэквондо федерациясы хабарлады.
Спорт ұйымы мұны Украинада болып жатқан әскери іс-қимылдарға деген қарсылығын білдіру мақсатында істеген.
"Әлемдік тхэквондо спортшылары Украинаны жақтап отыр. Соғыс тез арада аяқталып, бейбітшілік орнайды деген сенімдеміз", - делінген федерация таратқан ақпаратта.
Одан бөлек, тхэквондо федерациясы Ресей мен Беларусьте жарыс өткізбейтінін жеткізді.