Bugin

Жаңаөзенде митинг: жедел жәрдем қызметкерлері жұмысқа шығудан бас тартты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жаңаөзендегі жедел жәрдем станциясының кейбір қызметкерлері наразылық ретінде жұмысқа шықпайды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

120 мыңға жуық адам тұратын қалада екі-ақ дәрігер бригадасы жұмыс істейді. Фельдшерлер мен медицина қызметкерлері жалақыны 300-400 мың теңгеге дейін көтеруді талап етуде. Сонымен қатар олар келесі талаптарды алға тартты:

- қала әкімдігінің басшылығымен жұмыс істеу, сондай-ақ өз бастықтарын таңдай білу;

- мерекелер құрметіне ақшалай сыйлықтармен марапаттау;

- санаторийлер мен балалар лагерьлеріне жолдамаларды қамтитын әлеуметтік пакетті құру.

Шерушілердің айтуынша, олардың талаптарын ешкім орындамаған. Осы себепті жедел жәрдем станциясы қызметкерлерінің негізгі бөлігі ақпанның 24-інен бері жұмыс істемейді.

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы Жаңаөзен қалалық жедел жәрдем стансасы жұмысшыларының талабына жауап берді. Басқарма Жаңаөзендегі жедел жәрдем жүргізушілерінің айына орташа есеппен 145 мың теңге, фельдшерлер – 174 мың теңге, тәртіп сақшылары – 97 мың теңге жалақы алатынын хабарлады. Олардың талаптарын орындап, жалақыларын 400 000 теңгеге дейін көтеру мүмкін емес.

«Жұмыс беруші Наурыз мейрамы, Тәуелсіздік күні қарсаңында, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне ең төменгі жалақыны (60 мың теңге) мөлшерінде төлем белгілеу талабын қанағаттандырды. Сондай-ақ жұмыс беруші жедел жәрдем қызметкерлерінің еңбекақысына сараланған қосымша төлем белгілеуді ұсынды. Дәрігерлерге, фельдшерлер мен жүргізушілерге 40 000 теңге, тәртіп сақшыларына 20 000 теңге, басқа қызметкерлерге 30 000 теңге төленеді. Басқа аудандар мен Ақтау қаласынан келген жедел жәрдем қызметкерлері бұл шешімге риза болды. Жаңаөзендік қызметкерлер бұған келіспей, жалақыны 300-400 мың теңгеге дейін көтеруді талап етті», - деп түсіндірді Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасында.

Ведомствоның хабарлауынша, Жаңаөзенде қалалық емханалардың мобильді бригадалары жедел жәрдем шақыруға жұмылдырылған. Ведомство дәрігерлердің ереуілін заңсыз деп атады.