Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАлматыға Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар мінген алғашқы рейс қонды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Эйр Астана» ұшағы Алматы әуежайына сағат 22:35-те қонды. Ұшақта Украина аумағынан Польшаға эвакуацияланған 175 қазақстандық, оның ішінде алтауы сәби болған.
Келген жолаушыларға жедел жәрдем көрсету қажет болған жағдайда дәрігерлер әуежайда кезекшілікте болды.
Қазіргі уақытта Алматыға Украинадан келесі репатриациялық рейс келеді деп күтілуде.
«Алматы әкімдігі эвакуацияланған қазақстандықтарды үш мезгіл тамақтандыратын жайлы қонақүйге апарып, орналастыруды ұйымдастырды. Келгендердің барлығына Алматыда болған кезде жан-жақты қолдау көрсетіледі. Қалалық әкімдік қажет болған жағдайда, көмек көрсетуге дайын. Оған медициналық мамандардың қызметтері, оның ішінде психологиялық көмек те кіреді», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Терминал жанында шетелден келетін қазақстандықтарды гүл шоқтары мен шарлар ұстаған туыстары, сондай-ақ көптеген БАҚ өкілдері күтті.
Әуежайға келген азаматтар эвакуацияға көмектескен Қазақстан елшілігі мен әуе компаниясы өкілдеріне шын жүректен алғыстарын білдірді.
«Эвакуация жоғары деңгейде өтті. Бізді Львов пен Польшада қарсы алған жігіттердің барлығы өте керемет жігіттер. Барлығы көмектесуге жұмылды, бізге қамқорлық танытты. Алайда жолда қиын болды, көлік кептелісі дегендей. 18 шақырым, автобуста бір күн болдық», - дейді Қазақстаннан келген Александр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61