Bugin

Қазақстанда көлікке жапсырылған «Z» және «V» белгілеріне қарсылық болып жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Желіде «Z» және «V» белгісін жапсырған көлік жүргізушілері айыпталып жатыр деп хабарлайды Bugin.kz порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қоғам белсенділері бұл белгілер Ресейдің Украинаға қарсы соғысын қолдау ретінде жапсырылғанын дейді.

– «Көлікке «Z» және «V» белгісін жапсырған азаматтар Ресейдің басқыншылық саясатын қолдайтынын білдіреді деп түсінеміз. Алматыда осындай белгіні бір адам жапсырып жүріпті. Ол бәрін түсініп, кешірім сұрады. Ал Өскеменде тұрғындар бір көлікті өртеп жібере жаздады. Мен оларды тоқтаттым. Бәрі заң аясында болу керек деп ойлаймын. Енді Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен полиция елдің тыныштығын сақтау үшін көлік жүргізушілерге жағдайды түсіндіріп отыру керек», – деді қоғам белсендісі, кәсіпкер-журналист Арман Шораев.