Bugin
«Nur Otan» партиясының атауын «Аманат» деп өзгерту ұсынылды. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.
Ұсынысты Мәжіліс cпикері Ерлан Қошанов Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде айтты.
- «Біздің партия елімізде болып жатқан өзгерістердің бел ортасында. Ашығын айтқанда, елмен бірге партия да жаңаруды қажет етеді. Ұйым қызметін жаңа мазмұнмен толтыру үшін қажетті өзгерістерді енгізу қажет. Осыған байланысты партияның сипаты мен атауын өзгертуді дұрыс деп санаймыз», - деді ол.
Президент XXII съезді шақыру туралы шешімді 18 ақпанда қабылдаған болатын. Оған бүкіл аймақтардың делегаттары қатысты. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық шараларын қолға алды.