Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина мен Ресей арасындағы жағдайға байланысты пікір білдірді. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.
- «Біз екі елді ынтымақтастық орнатуға шақырамыз. Келіссөздер аясында оны шешу керек. Бейбітшіліксіз ештеңені жүзеге асыру мүмкін емес. Қазақстан бұл орайда барлық қолдауды жүзеге асыруға дайын. Қазақстан экономикасы санкцияларға төтеп беруге дайын болуы керек. Біз барлығымыз бұл қиындықтарды артта қалдыра аламыз. Осы орайда партия да белсенділік танытуы керек. Көп жыл бойы үнсіз жатқан адамдар қазір жылымықты пайдаланып, әлеуметтік желілерде неше түрлі ақпарат тарата бастады. Партия жұртшылыққа саясатымызды дұрыс тарата алуы керек. Мен үшін ең басты құндылық – Қазақстан Тәуелсіздігі» - деді Тоқаев.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61