Украинаның Еуроодақ мүшелігіне өтініші тіркелді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

28 ақпанда Владимир Зеленский Украинаның ЕО-ға мүшелігі туралы өтінішке қол қойды. Өтініш қазірдің өзінде тіркеліп, қарау рәсімі басталды. Бұл туралы Bugin.kz порталы 24 Украина басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Украинаның Еуроодақтағы өкілі Всеволод Ченцов Францияның Еуроодақтағы ресми өкілі Филипп Леглис-Костқа мүшелікке өтініш берді.

- «Украина президенті қол қойған Украинаның Еуропалық Одаққа мүше болу туралы өтініші Францияның ЕО-дағы тұрақты өкілі, Еуроодақ Кеңесіне төрағалық ететін Филипп Леглис-Костқа тапсырылды. Өтініш тіркелді. Қарау процедурасы басталды», - деп жазды Ченцов твиттерде.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61