Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comШешенстан президенті Рамзан Қадыров Украинадағы шешен жауынгерлері түсірілген видеоны жариялап, үндеу жасады. Бұл туралы Bugin.kz порталы kadyrov_95 Телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
- «Украиндар! Бүгінде сіздердің елде өз азаматтарының қамын ойлайтын, олардың өмірін жақсартуға тырысатын басшылық жоқ. Патриоттар, қорғаушылар жоқ. Тек бандера, ұлтшылдар, террористер бар. Зеленский бүгін емес, ұзақ уақыт бойы әлеммен байланысын жоғалтты.
Айтпақшы, зардап шеккендер туралы. Өкінішке орай, Шешенстан Республикасының тұрғындары арасында қазірдің өзінде шығын бар. Екі адам қайтыс болды (Дала кечдойла царна), тағы алтауы әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Бейбіт Украина азаматтары! Украинаның әскери күштері! Отанды сатқындар мен қарақшылардан бірге азат етейік!», - деді Қадыров.