Bugin

Ахтыркада 70 украиндық сарбаз қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украинаның Сумы облысының оңтүстігіндегі Ресей шекарасына жақын орналасқан Ахтырка облыс орталығында әскери бөлімге түскен артиллериялық соққының салдарынан 70 украиндық сарбаз қаза тапты. Бұл туралы облыс губернаторы Дмитрий Живицкий жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

- «Кеше жау артиллериясы әскери бөлімді жауып тастады. Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызмет, еріктілер жұмыс істеп жатыр. Олар үйінді астынан мәйіттерді алуды жалғастыруда. Қаза тапқандар көп. Қазір олар қаза тапқан 70 украиналық солдатқа зираттан орын дайындап жатыр», - деді губернатор мәлімдемесінде.

Живицкий бұл ретте жау тарапынан да үлкен шығын болғанын айтты. 

- «Қаланың төңірегінде орыс әскерінің денелері көп болды. Біз оларды да жинап жатырмыз. Қызыл Крест офицерлері оларды үйлеріне жеткізіп жатыр» - деді ол. 

Сондай-ақ, ол басқыншылар қиратқан әскери бөлімнің үйінді астынан сарбаздардың мәйіттерін шығарып жатқан суреттерін жариялады.