Bugin
Президент Қасымжомарт Тоқаев Twitter-де Украинадағы соғыс туралы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қасым-Жомарт Тоқаев екі елді диалогты жалғастыруға және бейбіт жолмен шешу жұмыстарын жалғастыруға барынша күш салуға шақырды. Оның айтуынша, басқа жол жоқ.
«Жаман өмір жақсы соғыстан артық». Бейбітшіліксіз даму болмайды. Егер қажет болса, Қазақстан өзінің көмегін ұсынуға дайын», – деп жазды президент.
Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігі Украинадағы соғысқа байланысты Қазақстанға қарсы санкцияларды қарастыруы мүмкін, деп хабарлады британ парламентінің депутаты Маргарет Ходж.
«Бүгін мен Сыртқы істер министріне Украинаға қатысты екі мәселе бойынша дау айттым. Элизабет Трасс (Ұлыбританияның СІМ басшысы) Дума мүшелеріне қатысты санкциялар бойынша жұмыс істеп жатқанын растады және Путиннің варварлық шабуылын қолдауы мүмкін Қазақстан сияқты басқа да клептократтарға санкциялар қарастыруы ықтимал», - деді Ходж бүгін.
Еске салайық, 24 ақпанда Владимир Путин Украинада «арнайы операция» өткізілетінін жариялады. Қазір Украинда жерінде қиян-кескі ұрыс жүріп жатыр.