Әлем

Зеленский Путинмен келіссөзді бастау шартын жариялады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина президенті Владимир Зеленский Reuters және CNN арналарына берген сұхбатында Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөзге дайын екенін айтты. Сұхбаттың толық видеосы Украина президентінің Facebook-тегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Украинская правда» басылымына сілтеме жасап.

«Әлем олармен келіссөз үстеліне отыруға дайын болған кезде Ресей Федерациясының президентін келіссөз үстеліне отырғызу қажет екенін қазірдің өзінде түсініп отыр», - деді Зеленский.

«Бұл ретте мемлекет басшысы ресейлік тараптың келіссөздерді бастауының алғы шартын атады. «Біз ең болмағанда адамдарды бомбалауды тоқтатуымыз керек, тек бомбалауды тоқтатып, содан кейін келіссөз үстеліне отыруымыз керек», - деді ол.

Зеленский украиндықтар «өмірлерінің соңына дейін» күресетінін айтты.

«Себебі біз үйдеміз. Біз балаларды, үйде қорғаймыз. Біз мұны шын жүректен жасаймыз. Және біз бүгінде қорғауды қажет ететін балаларымыздың болашағы үшін бәрін қорғауымыз керек деп ойлаймын», - деді президент.

Зеленский сонымен қатар НАТО елдерін Украинаның әскери альянсқа мүше болу мүмкіндігі бар-жоғын нақты жауап беруге шақырды. Егер альянс мұндай перспективаға дайын болмаса, президент НАТО елдері Украинаның қауіпсіздігіне, оның аумағы мен шекарасының мызғымастығына құқықтық кепілдік беруі керек екенін атап өтті.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61