Bugin

Дариға Назарбаеваның өкілеттігі ресми түрде тоқтады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Парламент мәжілісінің отырысында Дариға Назарбаеваның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Дариға Назарбаева міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған орай Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның өтініш беруіне байланысты мәселені шешу үшін ұсыныс енгізіп отыр», – деді Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов.

101 депутаттың 99-ы қаулыны жақтап дауыс берсе, біреуі қалыс қалды.