Bugin

Байден ресейлік ұшақтарға әуе кеңістігін жабатынын мәлімдеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ президенті Джозеф Байден АҚШ Конгресінің екі палатасына Одақтың жағдайы туралы жолдауын жасады. Жолдау барысында ол Украинадағы жағдайға және Ресейге қарсы жаңа санкцияларға көп уақыт арнады. Бұл туралы Bugin.kz порталы ntv.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

- «Мен бүгін кешке американдық әуе кеңістігін Ресейдің барлық рейстері үшін жабу туралы одақтастарымызың шешіміне қосылатынымызды жариялаймын» - деді Байден. 

Бұл туралы АҚШ президентінің сөз сөйлеуінен бір-екі сағат бұрын The Wall Street Journal және ABC хабарлады. Ал американдық ұшақ өндіруші Boeing Ресей Федерациясының авиакомпанияларына техникалық қолдау көрсетуді тоқтатты.