Bugin

Ерлан Қошанов: «Орыс тілін мәртебеден айырудың қажеті жоқ»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов тіл мәселесіне байланысты сауалға жауап берді. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды. 

- «Бұл мәселені бүкіл халық емес, бастамашыл топ көтеріп жатқан шығар. Бізге не маңызды: қазақ тілінің дамуы немесе орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі мәртебесінен айыру? Мемлекеттік тілді дамыту. Біз, қазақтар, қазақ тілінде сөйлеуіміз керек және басқа ұлттарды осы тілде сөйлеуге тартуымыз керек. Мұны ең алдымен жүзеге асыруымыз керек. Біз - көпұлтты елміз. Түрлі ұлт өкілдері бір-бірімен сөйлесе алуі үшін орыс тілі қажет. Менің ойымша, орыс тілін мәртебеден айырудың қажеті жоқ», - деді ол Мәжіліс отырысында.