Спорт

«Ақтөбе» жаңа маусымды -6 ұпаймен бастайды

Жаңа маусым

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Ақтөбе» клубы жаңа маусымды -6 ұпаймен бастайтын болды. Бұл туралы Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты хабарлады.

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы ФИФА-ның тәртіптік комитетінің шешімімен футболшы Айоделе Аделейеге төлемеген қарызы үшін «Ақтөбе» футбол клубынан Қазақстан Чемпионатының турнир кестесінен 6 ұпай алып тастау туралы санкция қолданылғанын хабарлайды. 

«Ақтөбе» футбол клубы 2019 жылғы маусымда тур кестесін «-6 ұпай» көрсеткішімен бастайды. 
Айта кетейік, «Ақтөбе» футбол клубы 2014 жылдан бері қаржылық жағдайына байланысты қиындықтарды бастан өткеріп келеді. Бірнеше ойыншылары жалақы алмағаны үшін ФИФА-ға шағым да түсірген еді. 2018 жылы команда ойыншылары алдындағы қарызы үшін 6 ұпайдан айырылған еді.