Bugin
Қазақстандағы ВТБ банкі Visa жүйесінен ажыратылады. Бұл жайлы банктің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Kapital.kz.
"VISA төлемі жүйесі ВТБ банкімен жасаған серіктестігін тоқтатты. Банк клиенттері мен серіктестеріне мұндай қиын жағдайда түсіністік танытып, қаржылық сауатын танытқанына разымыз", - делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Қазақстандық ВТБ банкі клиенттердің бүкіл қаржысының толықтай сақталатынына кепілдік беретінін айтты.
"Қолма-қол ақша алғыңыз келсе, ВТБ (Қазақстан) банкінің банкоматынан алыңыздар. Банк өз жұмысын жалғастырады. Жеке және заңды тұлғалармен де жұмыс істеп жатыр", - делінген ақпаратта.