Bugin

Зеленский Ресейдің 6 күнде қанша әскерінен айырылғанын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей "арнайы әскери операция" бастағаннан бері, 6 күнде, Украинаға басып кірген әскерінің 6 мың сарбазы мерт болды. Мұны Украина президенті В.Зеленский баспасөз конференциясында айтты. "Новая газета" жазады. 

"Ресейдің жауынгерлері туған жерінен жырықта өліп жатыр. Ана ұлынан, туған жері боздағынан айырылуда. Осының бәрі не үшін? Украинаны жаулау үшін бе? Украинаны жаулап ала алмайсыңдар. Біз кіндік қанымыз тамған жердеміз, атақоныстамыз", - деді Зеленский.

Ресейдің Қорғаныс министрлігі украина тарапынан түскен бұл ақпаратқа әлі түсініктеме бермеді. РФ президентінің баспасөз хатшысы Д.Песков мұндай ақпараттың барлығы "бас қолбасшыға – президентке жеткізіліп жатыр, бірақ Кремль нақты статистиканы әлі бергісі келмейді" деген.

РФ Қорғаныс министрлігі осыған дейін бір рет бұған қатысты ақпарат берген. 27 ақпан күні 19 жауынгердің қаза тапқанын айтқан. Бірақ жарақат алған, зардап шеккендер жайлы мәліметі жоқ.