Bugin

Олжас Сүлейменов қаңтар оқиғасы туралы: Ол жерде шетелдіктер болмады (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Белгілі жазушы, қоғам қайраткері Қазақстанда және әлемде болып жатқан соңғы оқиғаларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бизнесмен және Forbes Kazakhstan басылымының шығарушысы Арманжан Байтасов өзінің Baitassov Live YouTube арнасында әдебиет классигі, дипломат және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтен сұқбат алды. Сұқбаттың тақырыбы: Қазақстандағы қаңтар оқиғасы, Украина мен Ресей арасындағы соғыстың басталуы, Қазақстанға да тиген санкциялар және т.б. болды.

Олжас Сүлейменов 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаны еске түсіріп, ол кезде ауруханада болғанын, бірақ ушығып бара жатқан жағдайды терезеден бақылап тұрғанын айтты. Оның айтуынша, жанынан өткен колонналар жолдағы көліктерді, үйлерді, дүкендерді қиратқан.

«1986 жылы желтоқсанда наразылық білдіруге шыққан студенттер емес екені анық. Ол жастар басқаша еді, олай жүрмейтін. Ал мыналар... Мен не болғанын, олардың кім екенін ұзақ ойладым. Нақты айта аламын, бұл біздің адамдар еді, жиналғандар арасында шетелдіктер болған жоқ. Бірақ бұл базарда күзетші, жүк тасушы, т.б. болып істейтін сауатсыз халық еді. Бұл тобыр енді ғана сол жақтан келді... Мен олардың кімнің бұйрығын орындап жатқанын түсіндім. Бірақ мұның бәрі халқымызға қасірет әкелді, өйткені «Шал кет» деп ұрандатқандар сөздері үшін жауап берді», - деді Олжас Сүлейменов.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.