Bugin

Қанды қаңтар оқиғасы бойынша 62 адам сотталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның Бас прокуратурасы қаңтар оқиғасынан кейін 62 адамның сотталғанын хабарлады. Егжей-тегжейлері көрсетілмеген.

Наурыздың 2-сі күні брифингте сөйлеген ҚР Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров Қазақстанда қаңтар оқиғасына қатысты іс бойынша 62 адамның сотталғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq.

Сонымен бірге Ожаров баптар, қандай шешімдер қабылданғаны және үкімнің ішінде бас бостандығынан айыру жазасы бар-жоғы туралы есеп бермеді.

2 наурыздағы жағдай бойынша сотқа 101 қылмыстық іс жолданғаны хабарланды. 162 адам айыпталушы ретінде танылған.

Бұған дейін сот алдына 52 адам келгені хабарланған болатын. Олардың барлығы қанды қаңтар оқиғасына қатысты істер бойынша сотталған.