Bugin

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлескенін хабарлады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге келіссөз үстелінде Украинамен келісімге келу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

- «Президент Владимир Путинмен сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мәселелері жөнінде сөйлестім. Украинадағы жағдай бойынша келіссөздер арқылы келісімге келу аса маңызды екенін айттым» - деп жазды Тоқаев Twitter парақшасында. 

Сондай-ақ, Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскиймен сөйлескенін хабарлады.

- «Владимир Зеленскиймен Украинадағы жағдай туралы сөйлестім. Елдегі әскери іс-қимылдарды тоқтату үшін келіссөздер арқылы уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айттым. Гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты дамытуға келістік» - деп жазды Тоқаев.