Bugin

OCCRP негізін қалаушы: «Қазақстан ЕАЭО-дан шықпаса санкция салынады»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдер ұйымнан шығуы керек, әйтпесе Ресейге қарсы санкциялар оларға да салынады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығының (OCCRP) негізін қалаушы Дрю Салливан мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

- «ЕАЭО құрамына Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Армения кіреді. Негізі, бұл еркін сауда аймағы. Тауарлар Қытайдан келеді, Ресейге құжатсыз жетуге болады. Ұйымға мүше елдер одан шығуы керек, әйтпесе Ресей сияқты санкцияларға тап болуы мүмкін», - деп жазды Салливан Twitter-дегі парақшасында.

Ол қазіргі жағдайдыүлкен мәселе деп атады.

- «Ресейге жай ғана санкция сала алмайсыз – дәл осылай Кеден одағының барлық мүшелеріне, соның ішінде Қазақстанға, Қырғызстанға және Арменияға да санкция салу керек. Ресейліктер бұл елдер арқылы өздеріне қажет нәрсені шекарасыз немесе кедергісіз импорттай алады», - деп түсіндірді Салливан.