Bugin
Канада Украинадағы оқиғаларға байланысты Ресейге қарсы экономикалық санкциялардың жаңа пакетін енгізді. Олар ресейлік энергетикалық алпауыт Газпром мен Роснефть компанияларының 10 негізгі қызметкеріне әсер етеді. Бұл туралы Канада елінің сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
- «Бұл шаралар ресейлік энергетика саласындағы екі маңызды компанияның - Газпром мен Роснефтьдің 10 негізгі тұлғасына шектеу қояды. Жаңа шаралар Ресей басшылығына Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығына қол сұғуды тоқтату үшін қосымша қысым көрсетуге арналған», - деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Канада бұл шараларды Украинамен ынтымақтаса отырып, басқа одақтастар мен серіктестермен үйлестіре отырып қабылдап жатқаны атап өтілді.
- «Мұндай үйлестіру Украина мен оның халқына кең ауқымды халықаралық қолдау көрсетеді. Егер Ресей Украинаға қарсы агрессиясын тоқтатпаса, біз әріптестерімізбен жаңа санкциялар салу мүмкіндігі туралы консультацияларды жалғастырамыз», - деді Оттава.
Жаңа санкциялар жақын күндері күшіне енеді деп күтілуде. Алайда, Канада сыртқы істер министрлігі шектеуге ұшыраған Газпром мен Роснефть қызметкерлерінің тізімін ұсынбады.