Bugin
Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың сегізінші күні. Ресейлік әскерилер Украина қалаларын әуеден бомбалауын жалғастыруда. Украинаның Сыртқы істер министрі халықаралық серіктестерге қарсыластардың мұндай мүмкіндікті алып тастауын өтінді. Бұл туралы Дмитрий Кулеба Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
- «Бұл Украина үшін нағыз халықтық соғыс. Путиннің жеңіске жету мүмкіндігі жоқ. Бұл сурет бейбіт тұрғындар Энергодардағы ресейлік басқыншыларды қоршап алған сәт. Украинаға өзін қорғауға көмектесетін серіктестер керек. Әсіресе ауада. Қазір аспанды жабуға көмектессеңіздер!» - деп жазды ол.