Bugin

Ресейдің экономикасы 1998 жылғы дағдарысқа бір-ақ түсті – орыс олигархы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейдің танымал олигархтары Украинада басталған әскери операцияны тоқтатуды талап ете бастады. Солардың бірі – 16,8 млрд доллар байлығы бар Олег Дерипаска болды.

27 ақпан күні олигарх "Әлемге бейбітшілік керек! Соғысты дереу тоқтатып, келісімге келу керек!" деп жазды Телеграм-арнасында.

Ал бүгін Красноярск қаласында өткен экономикалық форумда Ресейдің жағдайы шындап қиындап кеткенін айтып, тағы да дабыл қақты.

"Ресей экономикалық дағдарыстың темірторына түсті. Мұны мойындауымыз керек. Жағдай өте қиын. Олай деме, олай деуге болмайды дейтіндер шықты. Бірақ мен бейбітшіліктің орнағанын қалаймын. Үш аптадан кейін Ресей банктерінің жағдайы қалай боларын сонда көрерміз?! Серіктестер қалмайды. Бірінен кейін бірі кетеді. Саусақпен санарлығы ғана қалмақ", - деді ол.

Оның айтуынша, Ресейдің экономикасы 1998 жылдардағы дағдарысқа бір-ақ құламақ.

"Бұл санкциялар 2014 жылғыдай емес. Нағыз апат пен тоқырауға апаратын санкциялар. Ресейдің экономика тоқырайды. Мемлекеттік капитализацияны тоқтату керек", - деген Дерипаска.

Айта кетейік, ЕуроОдақ 12 наурыздан бастап Ресейдің ірі 7 банкін SWIFT жүйесінен өшіретінін мәлімдеген.