Bugin
Армения парламенті бұрынғы министр Ваагна Хачатрянды мемлекет президенті етіп сайлады. Мұны armeniasputnik.am жазды.
Оның кандидаттығына 71 депутат дауыс берген. Хачатрян – "Азаматтық келісім" партия фракциясынан шыққан өкіл. Басқа оппозициялық партиялар президенттікке үміткер ұсынбаған екен.
Ваагн Хачатурян 1959 жылы туған. Экономика ғылымдарының кандидаты. 1980 жылы Ереван халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген.
1990-1996 жылдары Ереван қалалық Кеңесінің депутаты, 1992-1996 жж. Ереван қаласының мэрі болған.
1996-1998 жылдары Армения Республикасы Президентінің кеңесшісі болды.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы 23 қаңтарда Армения президенті Армен Саркисян отставкаға кеткен еді. Отставкаға кету себебін "Арменияда президенттің өкілеттігі жоқ, ештеңе бітірмейді, ішкі және сыртқы саясатына араласа алмайды" деп түсіндірген.
2015 жылғы конституциялық өзгерістерге сәйкес Армения парламенттік басқару нысанына өтті. Армениядағы негізгі лауазымды тұлға премьер-министр саналады, ал Президенттің өкілеттіктері біршама қысқарған. Қолданыстағы Конституция бойынша Армения Президентін жалпыхалықтық дауыс беру арқылы емес, Парламент депутаттары сайлайды.
Армения Президентінің өкілеттік мерзімі – 7 жыл.