Редактор бағаны
"Армансыз адам, қанатсыз құспен тең"
Әр адамның өзінің кішкентай кезінен бастап армандаған арманы болады. «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең » демекші, бұл өмірде бір нәрсені армандамау тіпті мүмкін емес. Бір күні арман деген не? – деп жігіт қарияға сауал қойған екен. Сол кезде қария: - Арман дегеніміз ақыл - ойдың шындығы. Құс – ұшсам дейді, бала – өссем дейді, қыз – көрікті болсам дейді, жігіт – жүректі болсам дейді, қарт – жүзге жетсем дейді, ұстаз – шәкіртіме үлгі болсам дейді.
Арманға адаспаған жетеді, адасқан жете алмайды. Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді, – деп қарт жауап беріпті. Иә, шынында да, арманына ақылдылар, яғни өз-өзіне сенімді, мақсатына берік жандар жетеді. Иә, менде басқа адамдар сияқты қиялға ерік беріп, армандаған жандардың бірімін. Мен бала күнімнен бастап журналист болуды армандадым. Бұл арман уақыт өте келе, менің мақсатыма айналды. Мен әрбір ойымды қағаз бетіне түсіріп, көп ізденіп,көп кітап оқитынмын.Теледидарда танымдық жағы мол бағдармаларды жүргізетін аға-әпкелеріме қарап,менде осындай журналист болсам екен деп армандайтынмын. Олай айтуымның басты себебі, журналист ол-халықтың адамы. Олар халықтың көкейкесті мәселелерін қозғап,сан түрлі түйіткілдерді шешеді. Журналист – қарапайым халық пен жоғарғы билік арасындағы көпір секілді. Тек шындықты айтатын, тек шындықты жақтайтын адам ғана журналист бола алады. Ол – сөзге шешен, ұтқыр ойлы, жан дүниесі әсем, кез-келген адаммен сөз табыса алатын, қарапайым, білімді адам.Міне мен сол себепті де журналист болып,халық үшін қызмет еткім келді. Халыққа қызмет ету мен үшін үлкен мәртебе болды. Әрине адамның бір ғана арманы бар десек күлкілі көрінетін шығар.Мен журналист болуды армандаған сәттен бастап,өзім білім алғым келетін оқу орнында армандай бастадым. Ол Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті болатын.Кейде мен тіпті өзімді Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде оқып жатырмын деп армандап кететінмін. Аллаға сансыз шүкір. Мен қазіргі таңда өзім армандаған оқу орнында оқып жатырмын. Бұл менің өмірдегі ең үлкен жетістіктерімнің бірі. Әрине бұл сіздерге ең біріншіден жарнама, екіншіден мақтану болып көрінер.Бірақ мен өзімнің осы университетте оқып жатқанымды мақтанып айта аламын және мақтан тұтамын.Армандаңыздар! Әр адам армандауға лайықты. Егерде сіздер шын жүрекпен армандасаңыздар, армандар міндетті түрде орындалады.