Bugin

Қазақстан үкіметі санкция салынған жағдайдағы тәуекелдерді есептеп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Қазіргі уақытта үкімет «Атамекен» ҰКП, АХҚО және салалық бизнес өкілдерімен бірлесе отырып, нақты тәуекелдер мен Қазақстан экономикасына әсері бар ықтимал санкциялар сценарийін, сондай-ақ жағымсыз әсерді тоқтатудың ықтимал қарсы шараларын есептеп жатыр», – делінген хабарламада.

Кездесу барысында экономиканың салалық бағыттары, көлік-логистика, мердігерлер арасындағы өзара есеп айырысу, сондай-ақ отандық бизнестің басқа да мәселелері талқыланды.

Еске салайық, жедел штаб Ресей Федерациясына санкциялар пакетін енгізуге және олардың Қазақстан экономикасына ықпалына байланысты экономика мен бизнесте туындайтын проблемалық мәселелерді қарап, шешетін болады.

Оның құрамына негізгі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, бизнес-қоғамдастық өкілдері мен сала мамандары кірді. Жедел штабтың одан арғы жұмысына отандық бизнестің және сарапшылық қоғамдастықтың басқа өкілдері де қатыса алады.

Бір күн бұрын жедел штабтың бірінші отырысы өтіп, онда көлік-логистика, мердігерлер арасындағы өзара есеп айырысу, сондай-ақ отандық бизнестің басқа да мәселелері талқыланды.