Bugin

Ресей елшілігі АҚШ-тан: «Путин туралы мәлімдемеге жауап беріңіздер»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей елшілігі АҚШ-тан сенатор Линдси Грэмдің Ресей президенті Владимир Путин туралы айтқан мәлімдемесін ресми түрде түсіндіріп беруін талап етуде. Бұл туралы Bugin.kz порталы РИА Новости басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

 

- «Біз осы американдықтың қылмыстық мәлімдемелеріне ресми түсініктеме беруді және қатаң айыптауды талап етеміз», - делінген елшіліктің Facebook-тегі жазбасында.

Елші Анатолий Антоновтың айтуынша, Грэмдің мәлімдемесі қабылданбайды және шектен шыққан.

- «АҚШ-та орысфобия мен Ресейге деген өшпенділік деңгейі артып келеді. Осындай жауапсыз және кәсіпқой емес саясаткерлер басында тұрған АҚШ үшін алаңдаулымын», - деді ол.