Bugin

БҰҰ-ның Ресейге қарсы қарарын бұрынғы КСРО елдері қолдамады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұрынғы КСРО елдері Ресейдің Украинадағы арнайы операциясын айыптаған БҰҰ қарарын қолдамады. Бұл туралы Bugin.kz порталы Sputnik Ближнее зарубежье Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Беларусь қарсы дауыс берді, Тәжікстан, Армения, Қазақстан және Қырғызстан қалыс қалды. Әзірбайжан, Түркіменстан және Өзбекстан дауыс берген жоқ. Ресейдің әрекетін Балтық жағалауы елдері, Украина, Грузия және Молдова айыптады.

Сонымен бірге, соңғы екеуі бұрын Батыстың Ресей Федерациясына қарсы санкцияларына қосылудан бас тартқан.

Қытай өкілі БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Ресей Федерациясын айыптайтын қарарда Украина дағдарысының тарихы мен күрделілігі ескерілмейтінін айтты.