Лавров: «Ресей бейбіт тұрғындардың өліміне әкелетін әрекеттерді ақтамайды»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей билігі бейбіт тұрғындардың өліміне әкелетін кез келген әрекетті құптамайтынын жеткізді. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

- «Тағы да айтқым келеді, мен бейбіт тұрғындардың өліміне әкеп соқтыратын әрекеттерді ақтамаймын, бірақ біз кепілдік, залал (кепіл залал) деген сөздерді ойлап таппадық. Оны Ирактағы, Латын Америкасы мен Ливиядағы  әріптестеріміз ойлап тапқан», - деді Лавров.

Халықаралық қылмыстық соттың бас прокуроры Кәрім Хан сотқа дейінгі палатаға Украинадағы жағдайды толыққанды тергеуді бастау туралы өтініш жолдауға ниетті екенін айтты. Бұған дейін 38 штат ХҚС--ты Украинадағы әскери қылмыстарды тергеуге шақырған.

Украина ХҚС-ның мүшесі емес, бірақ 2013 жылдың 21 қарашасынан бері ел аумағында жасалуы мүмкін қылмыстар бойынша соттың юрисдикциясын тану туралы екі өтініш берІЛді. Жағдайды алдын ала зерделеу нәтижелері бойынша Хқс прокуратурасы ықтимал әскери қылмыстар мен адамзатқа қарсы қылмыстар бойынша толыққанды тергеу жүргізу үшін негіздерді анықтағанын мәлімдеді. 

Кремль Ханның Украинадағы оқиғаларға байланысты Ресей Федерациясына қарсы іс қозғау үшін нақты дәлелдер келтіргені туралы сөзін үзілді-кесілді жоққа шығарды.

Сондай-ақ, Сергей Лавров Украинада қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

- «Кез келген адам өмірі баға жетпес. Алайда, кез келген соғыс қимылдары құрбандармен тікелей байланысты. Арнайы операцияға қатысатын әскери қызметшілеріміз қаруды қолдануды қатаң тәртіпте ұстанған. Тіпті украиндық әскерилер орналасқан казармалар да ешбір шабуылға, соққыға ұшыраған жоқ. Мен [қайтыс болғандардың] туыстарына, достарына көңіл айта аламын», - деді Лавров.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61