Bugin

Швеция мен Финляндия НАТО-ға қабылданды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейдің көршісі Швеция мен Финляндия НАТО-ға кірудің алғашқы қадамдарынан өтті. Нақтырақ айтсақ, енді бұл екі мемлекет НАТО елдерінің отырысына рұқсат берілді.

Бұл жайлы НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеді, деп жазады РИА Новости. 

"Ресейдің агрессиясына жауап ретінде біз Швеция мен Финляндиямен үйлестіру мен ақпарат алмасуды күшейтуге келістік. Қазір екі ел де НАТО-ның дағдарыс жөніндегі барлық кеңестеріне қатысатын болады", - деп түсіндірді Столтенберг.

Айта кетейік, Ресей "арнайы әскери операция жүргізу" мақсатында Украина территориясына басып кіргеннен кейін, көршілес Швеция мен Финляндия елдері НАТО-ға қосылуға өтініш беруге мәжбүр болды.