Bugin
Ресей әскері Херсонды оккупациялаудан қашқан тұтас бір отбасы мүшелерін атып тастады. Бұл туралы Bugin.kz порталы BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қарсы тарап бақылау-өткізу бекетіне тоқтамаған көліктегі адамдарды атып тастаған. Ресейге толыққанды шабуылдан кейін Федковтар отбасы Веселое ауылына көшкен. Артынша ауылда электр жарығы мен су құбыры үзілген соң, Олег (әкесі) әйелін 6 жасар қызы София мен бір айлық ұлы Иванды туыстары тұратын Новая Каховкаға жіберген.
Олегтің өзі полицей болып жұмыс істейтіндіктен Херсонда қалады. Отбасы мүшелері екі көліктен құралған топпен келе жатқан. Днепрден өту үшін олар орыстардың бақылауындағы бөгеттің бойымен өтуге мәжбүр болады. Олегтің ата-анасы, әйелі мен балалары бір көлікте, ал екіншісінде оның тәтесі, ағасы мен немере ағалары болды. Бұл уақытта оның ағасы Денис олардың қозғалысын Черкассыдан телефон арқылы бақылап, 17:13-те анасына қоңырау шалған.
– «Мен анамды Новая Каховкаға кетпеуге және Веселоеде қалмауға көндіруге тырыстым. Мен оларға: «Одессаға барыңыз, менде онда сізге пәтер бар», - деген едім» – деді Денис.
Сол кезде Денис анасының: «Құдайым-ай, мынау бала ғой, бұлай істеуге қалай дәтің барды» деп айқайлағанын, содан кейін атыс дыбыстарын естіген. Ересектер оқиға орнында, ал балалар ауруханада көз жұмған.
Отбасының кішкентай мүшелері Иван мен Софья Нова Каховкадағы ауруханаға дереу жеткізілгенімен, жергілікті дәрігерлер оларды аман алып қала алмаған.
Қазіргі таңда, Олег (Иван мен Софияның әкесі) полиция бөлімшесінде жұмысын жалғастыруда7