Денсаулық

Адам денсаулығына ең пайдалы 12 тағам

Диетологтан кеңес

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Америкалық танымал Forbes журналының денсаулық айдарында Американың танымал диетологы, невропотолог Джонни Боуден өз кітабында жариялаған адам денсаулығына ең пайдалы 12 тағам түрі жайлы жазылған.

Жүз жылға жуық тарихы бар америкалық танымал Forbes журналының денсаулық айдарында Американың танымал диетологы, невропотолог Джонни Боуден өз кітабында жариялаған адам денсаулығына ең пайдалы 12 тағам түрі жайлы жазылған болатын. Олардың қатарына дәрумендері, минералдары, антиоксиданттары мен пайдалы майлары бар өнімдер мен фитохимимялық қосындылары, нәрлі заттары бар өнімдер енген екен. Джонни Боуденнің өзінің айтуынша ол өнімдер адамды неше түрлі аурулардан, қатерлі ісіктен сақтайды. Сонымен қатар амарикалық диетолог адамды 100 жасқа дейін жеткізетін тағамдардың да тізімін жасаған.

Сонымен, денсаулыққа ең пайдалы 12 тағам түрі: фасоль, сүт, балық, жұмыртқа, алма, жаңғақтар, қаражидек, анар, көк шәй, брокколи, пияз-сарымсақ және қызыл ет. Бұл тағамдар несімен пайдалы?

Фасоль: сусамырдан қорғап, салмақты реттеп отырады және қан құрамындағы қантты қалпына келтіруге септігін тигізеді. Тоқішек қатерлі ісігі және жүрек ауруларынан қорғайды.

Сүт: витамин, минерал және басқа да пайдалы заттарға өте бай. Оның құрамында тірі организмдердің өсуі мен дамуы үшін өте қажетті заттардың 200-ге жуық түрі бар. Сонымен қатар қатерлі ісікке қарсы күресетін CLA қышқылын да қамтиды.

Балық: қартаюға қарсы ең жақсы азық. Жүрек, қан тамырлары, иммунитетке жақсы әсер ететін көптеген пайдалы заттардың қайнар көзі. Теңіз балығы құрамындағы маңызды антиоксидант – омега-3 онкологиялық аурулардың алдын алуға көмектеседі. Сіңір тізімін реттеп, қан құрамындағы қантты реттеп отырады.

Жұмыртқа: ең зиянсыз ас. Құрамындағы ақуыз, йод, фосфор, селен және т.б. элементтер созылмалы аурулардың алдын алады. Онда калорий аз, бас-аяғы 13 дәрумен кездеседі. Жұмыртқа бет күтіміне де пайдалы. Миды қорғайды және көздің көруін жақсартады.

Алма: өкпенің қатерлі ісігі, астма мен қант диабетіне қарсы күресуде пайдалы. Сұлулық, денсаулық символы. Есте сақтау қабілетінің жақсаруына, инфаркт, инсульт қаупінің азаюына, ісік ауруларының алдын алуға үлкен септігін тигізеді. Құрамында сүйекті қуаттандыратын К витамині бар.

Жаңғақтар: оны жиі жеу ұстамалы жүрек ауруы мен жалпы жүрек ауруларының қауіпін азайтады. Жаңғақ ми қызметін жақсартады, иммунитетті күшейтеді, тіпті тіс ауруын басады. Организмнің әлсіреуі, қаназдық, жүйке жүйесі, жүрек және асқазан ауруларын емдеуде көмектеседі.

Қаражидек: қатерлі ісіктен қорғайды, есте сақтау қабілетін жақсартады.

Анар: гемоглобинді жоғарылатады, қан қысымын төмендетеді, ауыз қуысын тазалайды. Қаназдықпен күреседі, қант диабеті ауруына шалдыққан адамдарға өте пайдалы. Сонымен қатар қан қысымын реттейді, тамырларды қорғайды және ісіктердің үлкеюіне тосқауыл болады.

Көк шәй: қуықтың, ішектердің, тыныс жолы, ұйқы безінің, тік ішектің және асқазанның қатерлі ісікке шалдығу қауіптерін азайтады. Салмақты реттеп отырады.

Брокколи: денені токсиндерден тазалайды. Барлық қатерлі ісіктердің қауіпін азайтады. Минерал мен витамин қоры өте жоғары, күйзелістен ең жақсы қорғаныс. Тәбет пен ас қорытуды жақсартады. Ол теріге оң ісер беріп, қартаю процесін тежейді.

Пияз-сарымсақ: асқазан, простат, өңеш қатерлі ісігінен қорғайды. Жүрек ауруы қаупін азайтады, жұқпалы аурулардың алдын алады. Шаштың тез өсуіне септігін тигізеді.

Қызыл ет: омега-3 витаминіне бай, қалыпты мөлшерде қолданғанда қатерлі ісіктен қорғайды. Ақуыз және В12 витаминінің қайнар көзі болып табылады.