Bugin
РФ Президенті Владимир Путиннің көздегені – басқа елдерді, атап айтқанда, ҰҚШҰ-ға мүше елдерді Украинадағы қақтығысқа тарту. Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Алексей Данилов осындай мәлімдеме жасады. Бұл туралы Bugin.kz порталы УНИАН агенттігіне сілтеме жасап.
- «Біздің барлау келесі деректерді береді. Путин шынымен де ҰҚШҰ-ны: қырғыздар, өзбектер және басқа ұлттарды тартқысы келеді. Енді олар удмурттар мен якуттар тұратын Қиыр Шығыстан жинамақшы деген ақпарат бар. Олар қазірдің өзінде жиналып жатыр, өйткені соғысқысы келетіндер көп емес», – деді Данилов.
Оның айтуынша, Ресей билігі қазір удмурттар мен якуттар тұратын Қиыр Шығыстан адамдарды жинамақ.
ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер – Ресей, Беларусь, Қазақстан, Армения, Қырғызстан және Тәжікстан.