Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comЖамбыл облысында екі жасар бала пойыз дөңгелегі астында қалды. Бұл туралы Bugin.kz порталы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ (ҚТЖ) баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
- «Екі жасар бала темір жолға жүгіріп шығып, оны өтіп бара жатқан пойыз қағып кетті. Қайғылы оқиға 4 наурыз күні сағат 17.52-де Жамбыл облысындағы Малдыбай стансасында болды», - делінген хабарламада.
Ұлттық компанияның хабарлауынша, қайғылы оқиға кезінде бала үлкендердің қарауынсыз қалып, қауіпті аймақта болған.
- «Алдын ала мәліметтер бойынша, баланың отбасы темір жолға жақын жерде тұрады», - деп толықтырды ҚТЖ баланың отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
Теміржолшылар балаларды темір жолдарда, вокзал платформаларында қараусыз қалдырмауды сұрауда. Өйткені балалар жағдайды дұрыс бағалай алмайды және қауіпті тани алмайды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61