Әлем
Ресей президенті Владимир Путин лауазымды тұлғалардың заңсыз табыстарын тәркілеу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
Қолданыстағы заңнама, егер шығыстардың өз табыстарына сәйкестігін бақылауға алған мемлекеттік қызметшілер тиісті қаражатты алудың заңдылығын дәлелдей алмаса, жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын, бағалы қағаздарды және ұйымдардағы қатысу үлестерін Ресей Федерациясының кірісіне айналдыруға мүмкіндік береді.
Қабылданған заң, егер олардың сомасы есептi кезеңдегi және оның алдындағы екi жылдағы жиынтық табыстан асып кетсе және оларға қатысты осы қаражатты алудың заңдылығын растайтын дұрыс мәлiметтер берiлмесе, банктерде осындай тұлғалардың шоттары бойынша алынған қаражатқа осы практиканы таратады.
Заңға сәйкес, Ресей Федерациясының Бас Прокуроры немесе оған бағынышты прокурорлар мәліметтердің дәлдігін тексереді, олар заңбұзушылықтар анықталған жағдайда, егер ол 10 мың рубльден асса, мемлекеттік кіріске тиісті соманы өндіріп алу туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.