Weekend

Суицидке жасөспірімдерді не итермелейді?

Мәселе

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Суицид – күрделі әлеуметтік проблемалардың бірі. Өзін-өзі өлтіруге баратындардың көбісі жастар мен жасөспірімдер. Әсіресе жасөспірім кезде, ақымақтықпен өмірлерімен қоштасындар өте көп. Суицидке итермелейтін көптеген себептерді атап өтуге болады. 

Депрессия, отбасындағы түсініспеушілік, достарымен кикілжің, жауапсыз махаббат, өз ортасын таппау т.б. Осы жағдайларға тап болған адам өзін жалғыз қалғандай сезінеді. Ешкім мені түсінбейді, ешкімге керек емеспін деген ой қалыптаса бастайды. Егер жақындарының біреуінен дер кезінде көмек келмесе, өзін-өзін өлтіруі әбден мүмкін. Қазақ он үш жастан бастап балаңмен досыңдай сырлас деп бекер айтпаған. 

Балаңызбен сырласып,  мұңын бөлісу арқылы, оның сізге керек екенін, жалғыз емес екенін ұғындыра аласыз. Қарапайым жағдайын сұрап, әңгімесін тыңдасаңыз балаңыз сізге жақын болып өседі. Қиындықтан тайсалмайтын, ата-анасына толық сенім артатын азамат болады. Ұрысып қорқытуыңыз мүмкін, алайда сыйлата алмайсыз. Үнемі ұрыс естіп өскен бала жасық, өзіне сенімсіз, суицидке бейім болады. Сол себепті,  ата-ана баласына уақыт бөліп, сырлас құрбы бола білу керек.