Bugin

«ҚазАзот» АҚ-на қатысты тергеу жұмыстары басталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Маңғыстау облысының монополияға қарсы департаменті қызметкерлері бұған дейін өндірілген өнім – аммиак селитрасының қымбаттауы салдарынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тыңайтқыш сатып алудан бас тартуға мәжбүр болғанын анықтаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

"Монополиялық жағдайды теріс пайдалану (ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабы), оның ішінде өндірілген тауарларға монополиялық жоғары баға белгілеу фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. Тергеу нысаны  ірі кәсіпкерлік санатына жатады" деді министрлік.

Монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері расталған жағдайда, кірістің бес пайызы мөлшерінде монополиялық кіріс тәркіленеді.

«ҚазАзот» АҚ аммиак селитрасын, аммиакты, азот қышқылын және табиғи газды өндіріп, сатумен айналысады.